• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Саяси тұрақтылық  мемлекет болашағы үшін маңызды - Олжас Сүлейменов

1660 рет
көрсетілді

Қазақ ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері  Олжас Сүлейменов  Алматыдағы №371 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

«Мен мемлекеттің болашағына, саяси тұрақтылыққа және демократияға дауыс бердім. Геосаяси жағдай тығырыққа тіреліп тұрған кезде, саяси тұрақтылық  мемлекеттің болашағы үшін маңызды», деді О. Сүлейменов.   

Қазақтың ақиық ақыны айтып өткендей, қазақ қоғамы бұл саяси науқанға үлкен дайындықпен келді. Кездесулер, әртүрлі бағыттағы пікірлер қоғамдық санаға салмақ салды. Бұл құбылыс халыққа ақиқаттың ара жігін айырып алуға мүмкіндік берді. Референдумға дайындық барысында жастардың белсенділік танытуы ақынның көңілінен шыққан.  

О. Сүлейменов айтып өткендей, жастардың мүмкіндігіне мен белсенділігіне  көз жұмып қарауға болмайды.

«Біздің негізгі сайлаушылар аудиториясы және дауыс беретін адамдар жастар болғандықтан, біз оларға ерекше көңіл бөлеміз.  Жаңа Қазақстанға  – жастар керек. Жастарымыз референдумда белсенділік танытады деп сенемін», деп атап өтті О.Сүлейменов.